Психолог

Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад №15 "Айгөлек" государственного учреждения "Отдел образования по городу Талдыкорган Управления образования области Жетісу

Мнемотехника — тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін баланың тілін мақсатты нәтижелі өтуге қолданатын тәсіл. Мнемотехника — оңай жолдың қиынына қарай құрылады.

Ұлттық ойындар – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйретудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың, заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Осы тақырып аясында, балалар ұлттық ойындар арқылы шапшаңдық, тапқырлық, ептілік және де шешім қабылдау дағдыларын дамыта алады. Әр ойын барысында балалардың әрқайсысы өздерінің күш – жігерлерін көрсетіп, рухани-психологиялық тұрғыдан өседі. Ұлттық ойындар жаттығулары қимыл-қозғалыс және дененің функционалдық қасиеттерін дамытады. Ұлттық ойындардың балалар денсаулығына әсері қандай? 1.Көп қимылдау,бала қимыл –қозғалыспен өседі (жүгіру,секіру,аунау,құлап қайта тұру) Бұл жерде осы ойындарды қолданамын: арқан тарту,бәйге,көкпар,теңге ілу,орамал тастамақ,аударыспақ секілді. 2.Тепе-теңдік сақтау,өз денесін игеру (арқан бойымен жүру, асықтардан аттап жүру, алтыбақан тебу,соқыр тек т.б) 3.Ұсақ және ірі қол маторикасын дамыту (қуыр-қуыр қуырмаш,сақина салу,әр түрлі асық ойындары, саусақ санамақ)
4.Психо-эмоцаналды денсаулықтарын реттеу,өзіне деген қажеттіліктері мен ой- пікірін айта білуге үйрету ( ойын соңындағы қортынды бойынша ойларын тыңдау,шөлдесе су беру,шаршадым десе құшақтау,еркелету)

Бейімделу дегеніміз не???
Бейімделу − бұл ағзаның жаңа жағдайға бейімделуі, ал бала үшін
балабақша жаңа, әлі де беймәлім кеңістік, жаңа орта мен жаңа қарым-қатынас
болып табылады.